Маңғыстау облыстық Полиция департаменті басшысының бұйрығымен қадағалау органының актісін уақтылы қарамағаны үшін Түпқараған аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды облыстық Прокуратураның баспасөз қызметі.
"Прокурорлар азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат беру кезінде заң бұзушылықтарды анықтады, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың рұқсат алғаны анықталды. Аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Түпқараған аудандық ішкі істер бөліміне заңда белгіленген бір ай мерзімде қаралмаған ұсыныс енгізілді", – делінген хабарламада.
Осыған байланысты полиция бөлімінің басшылығына қатысты тәртіптік іс қозғалды.
"Прокурордың талабынан кейін заңсыз берілген рұқсаттар жойылып, төрт қару тәркіленді", – делінген хабарламада.