Тікелей эфир

Қарағандыда зейнеткер жекеменшік оңалту орталығының жеделсатысынан құлап қайтыс болды

Қалада 635 жедел сатының пайдалану мерзімі өтіп, 100-ден астам лифт істен шыққан.

Қарағандыдағы жекеменшік оңалту орталығына ем алуға барған 73 жастағы зейнеткер лифттен құлап мерт болды. Ал оны арбамен сүйреген медбике түрлі жарақатпен ауруханада жатыр. Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы

Қайғылы оқиға "Луч" жекеменшік оңталту орталығында болған. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан зейнеткер – мүмкіндігі шектеулі жан екен. Апатқа қарамастан оңалту орталығы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Ал мекеме өкілдері арна тілшілеріне оқиғаға қатысы түсінік беруден бас тартты.


Оқи отырыңыз: Жеделсатысының істен шыққанына 3 жыл болған үйде тұратын зейнеткерлер үкіметтен көмек сұрады


Құзырлы орган қызметкерлері марқұмның жақындары мен зардап шеккен тараптан арыз түспегенін айтады.

"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы және 306-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның мән жайы анықталып жатыр", – дейді Қарағанды облысы Полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация басқармасының бас маманы Жансая Жүнісова.

Қарағанды қаласында қазір 635 жедел сатының пайдалану мерзімі өтіп, 100-ден астам лифт істен шыққан.

Серіктестер жаңалықтары