Ол 32 миллион теңге пайда тапқан
Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісінің жолын кесті.
Тергеу барысында күдіктінің "Покер" құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды.
Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан.
Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасына кесілді.