Қосалқы станцияда болған апат қаланың орталық бөлігін электр жарығынсыз қалдырған.
Қарағандының бірнеше орталық көшелерінде жарық жоқ. Электр жарығын өшіруге технологиялық бұзушылық себеп болды, деп хабарлайды eKaraganda.
Апат "Мелькомбинат" қосалқы стансасында болған. Салдарынан қаланың орталық бөлігі жарықсыз қалды. Қарағандылықтар жылытқыштарды пайдалана бастағандықтан, электр желілеріндегі жүктеме асып кеткені хабарланды.
"Электр желілерінің қуаты үйлер мен пәтерлерді жылытуға жетпейтінін түсінуіңізді сұраймыз", – деп жазылған "Қарағанды Жарық" ЖШС хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Риддер жылу орталығында қазандық өшіп, тұрғындар тағы ыстық сусыз қалды.