"Қара тізім". Актер Шәріп Серік желідегі видеодан кейін түсіру алаңынан шеттетілді

Шәріп Серік. Фото: Salem Social Media
Шәріп Серік. Фото: Salem Social Media
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Танымал актер Шәріп Серік желідегі видеодан кейін түсіру алаңынан шеттетілді. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Блогер Әлия Ботеева әлеуметтік желіде Серік Шәріпке ұқсайтын ер адам оның қолтығынан жұлқып әкеткен бейнежазбасын жариялады. Бойжеткен таяқ жегендей қызарған бетінің суреттерін де қоса жариялады.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның болған орны мен уақытын қоса алғанда, объективті мән-жайлар анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады", – делінген хабарламада. 

Sәlem Entertainment компаниясы актер Шәріп Серікпен әріптестік қарым-қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдағандарын мәлімдеді. 

"Соңғы оқиғаларға байланысты, Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті "қара тізімге" енгізіп, бүкіл келісімшартты толығымен тоқтатты. Бұған дейін жарияланған "Шакал" сериалы мен Qarga сериалының үшінші маусымы ресми түрде жабылды. Сонымен қатар актер Meow сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін сомдауға тиіс болған, алайда ол жобадан толықтай алынып тасталды", – деп хабарлады Sәlem Entertainment компаниясы.

Сонымен қатар "Патруль: последний приказ" фильмінің шығармашылық ұжымы актер түскен көріністерді кинонұсқадан алып тастамақ. Актермен жасалған бүкіл келісімшарттар тоқтатылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары