Ең жоғары көрсеткіштер "Математика-Физика" және "Математика-География" бейіндік пәндерін таңдағандар арасында тіркелген.
Ұлттық тестілеу орталығы қаңтарда өткен ҰБТ сынағының бейіндік пәндер бойынша қорытындысын жариялады. Одан "Математика-Физика" (137 балл) және "Математика-География" (136 балл) бейіндік пәндерін таңдағандар ең үздік нәтижелерге қол жеткізгендер болғанын байқауға болады.
Дегенмен, орташа балл бойынша ең жоғары көрсеткіш – 80 баллға "Қазақ тілі-Қазақ әдебиеті" комбинациясын таңдағандар ие болған. Кейінгі үздік орындарда:
"Шет тілі-Дүниежүзі тарихы" (76 балл);
"Орыс тілі-Орыс әдебиеті" (76 балл);
"Математика-География" (74 балл);
"Математика-Информатика" (73 балл) комбинациялары тұр.