"Қанша тырыссақ та, араб, орыс, америкалық бола алмаймыз". Қырғыз парламентінің спикері тегін өзгертті

Қырғыз парламентінің спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы. Фото: спикердің facebook парақшасынан алынды
Қырғыз парламентінің спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы. Фото: спикердің facebook парақшасынан алынды
Нұрланбек Шәкеив жаңа тегін Тургунбекуулу (Тұрғынбекұлы) деп жаздырған.

Қырғыз парламентінің төрағасы Нұрланбек Шәкиев фамилиясын өзгертіп, Нұрланбек Тургунбекуулы деп жаздырды. Бұл туралы ол бүгін Facebook желісінде хабарлады. 

"Мен әкемнің баласы емес, қырғыздың баласымын. Мұндай сезім барша қырғыз халқының жүрегінде тұруы керек. Қанша өзгеріп, ұқсас болуға тырыссақ та, араб, америкалық, орыс не еуропалық бола алмаймыз. Оларға ұқсағымыз келсе, өзегімізді ұмытып, ақымақ боламыз. Сондықтан, жаңаратын, сонымен бірге өзегімізге оралып, қайта туатын кез келді", – деп жазды Жогорку кенеш спикері.

Оның түсіндіруінше, бүгінгі жаһандану дәуірінде егемендікпен қатар халықтың болмысын берік сақтау басты мәселе: "Тамырымызға оралып, тілімізді, жүрегімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды таза ұстамасақ, тәуелсіз ел болсақ та ертеңіміз бұлыңғыр болып қала бермек. Өзегінен айырылған ұлт өзінің болмысынан айырылып, тәуелсіздігінен тез айырылатыны сөзсіз".


Оқи отырыңыз:


Еске салайық, Қырғызстанда тұрғындардың ата тегін қырғызшалау бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. Депутаттар Отбасылық кодекске сәйкес өзгерістерді енгізуді жоспарлап отыр. Оның аясында, қырғыздарға ата тегін жазудың төрт нұсқасы ұсынылады. Олардың қатарында бұрынғы "ов" пен "ев" жалғаулары жоқ:

  • Бірінші нұсқа: Нұрланбек Тұрғынбекұлы, Айзада Жақсылыққызы;
  • Екінші нұсқа: Шақы тегі Нұрланбек, Жомарт тегі Айзада;
  • Үшінші нұсқа: Шақы Нұрланбек, Жомарт Айзада;
  • Үшінші нұсқа: Шақытегі Нұрланбек Тұрғынбекұлы, Жомарттегі Айзада Жақсылыққызы. 
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары