ҚР Қаржы министрлігі кәмелетке толған қазақстандықтар «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы бойынша төлемдерді қандай қажеттіліктерге пайдаланғанын айтты.
Биыл 18 жасқа толған немесе толатын бағдарламаға қатысушылардың саны 304 мың адамды құрайды. Олардың әрқайсысы $100,52 алды. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері есептеулерді eGov.kz порталында және БЖЗҚ сайтында тексере алады.
Зейнетақы қорының мәліметі бойынша, 1 наурыздағы жағдай бойынша:
- жалпы сомасы 16 мың долларды 162 адам тұрмыс жағдайын жақсартуға;
- жалпы сомасы 26 мың долларды 260 адам оқу ақысын төлеуге жұмсады.
Көбінесе қазақстандықтар жинақталған 100 долларды мына мақсаттар үшін жұмсады:
- бiлiм беру ұйымдарының қызметтерiне жыл сайын немесе бiр мезгiлде толық ақы төлеу – 212 рет;
- одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақтарының салымдарын толықтыру – 133 рет;
- білім беру жинақтау салымын шарт бойынша толықтыру – 28 рет;
- азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйге меншік құқығын алу (соңғы есеп айырысу) – 11 рет.
Оқи отырыңыз: 1 ақпаннан бастап ұлттық қордан балаларға қаражат аударыла бастайды
Жыл басындағы «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасына барлығы 6,9 миллион бала қатысуда.