Тікелей эфир

"Қандас" мәртебесін алған 12 мыңнан астам этникалық қазақтың жартысынан көбі Өзбекстаннан келген

Қандастардың басым бөлігі Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарына және Шымкентке қоныстанған.

Тарихи отанына оралған 12 мыңнан астам этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алды. 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 12 501 адам отанға оралып, оларға қандас мәртебесі ресми түрде берілген, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Көшіп келгендердің жартысынан көбі Өзбекстанда тұрған. Сондай-ақ, Қытай, Түркменстан, Моңғолиядан да оралғандар көп. Қандастардың басым бөлігі Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарына және Шымкентке қоныстанған.

Айта кетейік, қыркүйектен бастап қандастар үшін Қазақстан азаматтығын рәсімдеу бойынша мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жеңілдетілді.

"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет көрсету мерзімдері:

  • қандас мәртебесін беру немесе ұзарту – 4 жұмыс күні;
  • қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 14 жұмыс күні;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 45 күнтізбелік күн;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу – 30 жұмыс күні.

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары