
Ол Құрылыс және өнеркәсіп министрі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Шарлапаевты құрылыс және өнеркәсіп министрі қызметінен босатып, өзінің көмекшісі етіп тағайындады.
"Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген президент жарлығында.
Қанат Шарлапаев 2023 жылдың 4 кыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған болатын. Оған дейін, 2022 жылғы ақпаннан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған.