Желтоқсаннан бастап қала сыртындағы жолдарда орташа жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл салына бастайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Халықаралық және республикалық маңызы бар трассалардағы жылдамдық енді камералар арасында есептелетін болады. Демек, көлік тізгіндеген азамат құрылғы қойылған аумақта ғана ереже сақтап жауапкершіліктен құтылып кетпейді.
Заң бұзғандарға 147 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
"Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың түзу сызықты учаскелерінде қозғалыстың орташа жылдамдығынан асып кеткені үшін жауапкершілік енгізіледі. Айыппұл жылдамдық лимитінің қаншаға асырылғанына қарай 5 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін жетеді", – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.