Президент екінші Ұлттық құрылтай кезінде Ясауи еңбектерін дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Мұнымен қатар, мемлекет басшысы "Ясауитану" ғылыми орталығын құруды ұсынды.
"Түркістанды Ясауисіз елестету мүмкін емес. Әйгілі ғұлама тұтас түркі дүниесінде ислам дінінің орнығуына зор үлес қосты. Ясауиден бастау алатын қазақ жеріндегі рухани сабақтастық қазірге дейін үздіксіз жалғасып келеді. Биыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толып отыр. Осы орайда, ғұламаның еңбектерін жан-жақты зерттеп, дәріптеу маңызды. "Ясауитану" ғылыми орталығын немесе институтын құру мәселесін ойластыруға болады", – деді мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қазақстан тарихының көптомдығы туралы: Тұжырымдамалық қателіктер мен кемшіліктер қайталанбауы тиіс