Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын реформалау кезінде не ескерілуі керегін айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті "Атамекен" ҰКП-ға мүшелік жарналардан босатуды тапсырды.
Мемлекет басшысы отандық бизнес құрылымындағы шағын компаниялардың үлесі бүгінде 90 пайыздан асатынын атап өтті.
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын реформалау кезінде оның қызметін шағын бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға шоғырландыру қажет. Бұл ретте шағын бизнесті міндетті мүшелік жарналардан босату керек. Әлбетте, бұл өз бетінше жүзеге асатын дүние", – деді президент.
Еске салсақ, Нұртай Сабильянов "Атамекенге" мемлекет бюджетінен қаржы бөлудің қажеті жоқ екенін айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
- Сәтқалиев: Оңтүстіктегі энергия дефицитін шешудің ең тиімді жолы – АЭС салу
- Газ бағасы 2024 жылға дейін қымбаттамайды