Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар, деп хабарлады Ақорда сайты.
"Қазақстанның Еңбек Ері" жоғары атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық, денсаулық сақтау салаларын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:
- жазушы Әкім Әшімовке (Тарази);
- Нұр-Сұлтан қаласындағы "Онкологиялық орталық" МКК бас дәрігері Мұхтар Төлетаевқа;
- Шығыс Қазақстан облысының "Қазмырыш" ЖШС бас директоры Александр Хмелевке берілді.
"Отан" орденімен:
- жазушы Сәбит Досанов;
- еңбек ардагері Мырзатай Жолдасбеков;
- ақын Ақұштап Бақтыгереева;
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен:
- Конституциялық Кеңес төрағасы Қайрат Мәми;
- "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев;
- "А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов;
- "Bazis Holding Сompany" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович;
- жазушы Дулат Исабеков;
- Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр марапатталды.
І дәрежелі "Барыс" орденімен:
- "Зенит" Орал зауыты" АҚ бас директоры Вячеслав Валиев;
- "Қазхром" ТҰК" АҚ президенті Арман Есенжолов;
- "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Тілектес Есполов;
- "Отандастар қоры" КеАҚ президенті Нүртай Абықаев;
- Алматы қаласындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМКК филиалының директоры Алтынбек Қоразбаев;
- ENRC PLC компаниясының акционері – негізін қалаушы Александр Машкевич;
- Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева;
- еңбек ардагерлері: Н.Есенғарин, Қ.Сұлтанов, Т.Сүлейменов, З.Федотова;
ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен:
- Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев;
- ҚР Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов;
- "Концерн TNS-group" ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Түкен Жұмағұлов;
- "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ актері Нұржұман Ыхтымбаев;
- ақын әрі жазушы Валерий Михайлов;
- "Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі" КМҚК мұғалімі Н.Покидова;
- "Саутс-Ойл" ЖШС президенті Серікжан Сейтжанов;
- "Alanda Clinic" ЖШС директорының орынбасары Серік Тоқпанов;
- Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев;
- еңбек ардагері Әмин Тұяқов;
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен:
- мәдениеттанушы К.Абаев;
- "Ұлттық банктің Банкноттық фабрикасы" РМК бас директоры Батырбек Әлжанов;
- "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек;
- еңбек ардагерлері: М.Байғұт, Ғ.Байназаров, Р.Түсіпбеков;
- Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова;
- "Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы" ЖШС директоры Сейітхан Жошыбаев;
- "Нұрсұлтан Назарбаев қоры" ЖҚ атқарушы директоры Қанат Жұмабаев;
- Ұлттық ғылым академиясының академигі Зайролла Дүйсенбеков;
- "Монтажспецстрой" компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Евгений Ежиков-Бабаханов;
- "Қазақстан жазушылар Одағы" РҚБ төрағасы Ұлықбек Есдәулет;
- ақын Ханбибі Есенқарақызы;
- Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов;
- Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов;
- "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" РМКК әртісі Нұрғали Нүсіпжанов;
- "Қазақмыс Холдинг" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдурад Огай;
- "С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ профессоры Камал Ормантаев;
- "BI Group" холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев;
- "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев;
- "Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ профессоры Ескен Сергебаев;
- "Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті" КеАҚ басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов;
- Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан;
- "Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы" РҚБ төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков марапатталды.
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 28 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде театр және кино әртістері: М.Әжібеков, Ж.Құрманбеков, Л.Крючкова, режиссер Д.Өмірбаев, өнертанушы Е.Резникова және басқалар бар. "Қазақстанның еңбек сіңірген" ұстазы құрметті атағы "Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы" облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектеп" ММ мұғалімі Д.Төрехановаға берілді.
Белгілі ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері "Парасат" орденіне лайық деп танылды. Олардың арасында "М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" РМҚК әртісі Болат Әбділманов, "Ершовское-2" ЖШС директоры С.Ағайдаров, "Мұнай-газ кешенінің ардагерлері" РҚБ бас директоры З.Алшымбаев, "Отырар кітапханасы" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрсын Жұртбай, "Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, Ақан Сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы камералық хорының хормейсторы Ю.Колчин, "Қазақ әдебиеті" газеті редакциясының меңгерушісі Е.Жаппасұлы, "Астана" халықаралық қаржы орталығы департамент директорының орынбасары Ш.Құрманбайұлы, жазушы З.Наурызбаева, "Альтаир" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Потиченко және басқалар бар.
ІІ дәрежелі "Достық" орденіне:
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова;
- "Kaspi.kz" АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе ие болды.
"Құрмет" орденімен марапатталғандардың ішінде:
- шахматшы Жансая Әбдімәлік;
- "Астана Опера" "Мемлекеттік опера және балет театры" КеАҚ бас дирижері Алан Бөрібаев;
- "Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжі" МКҚК жетекшісі Ақнұр Есләмова;
- "Жекпе-жек өнерінің Ассоциациясы" ЗТБ президенті Б.Ыстыбаев;
- Жамбыл облысының "И.Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" КММ мұғалімі Н.Қаймалақова;
- "Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҰЗИ" РМК лабораториясының меңгерушісі А.Наханов;
- "АрселорМиттал Теміртау" АҚ болат балқытушысы В.Пастух;
- Павлодар қалалық "Дарынды балаларға арналған №3 гимназия" ММ директоры Қ.Құспекова;
- Шымкент қалалық "№1 қалалық клиникалық аурухана" МҚК дәрігері Ж.Сүйгенбаев;
- режиссер Қ.Омаров бар.
ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордені өндіріс, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да материалдық өндіріс салаларының 105 жұмысшысы мен еңбеккеріне берілді.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 553 адам марапатталды.
Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі "Даңқ", сондай-ақ, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды.