Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан төлқұжатын иеленген азаматтардың өзін мемлекет қорғауында екенін сезінетінін атап өтті.
"Біздің төлқұжатымызға ие болу – халықаралық аренада беделді елдің азаматы болу, барлық елдерге емін-еркін бару және өзін заманауи әлемнің ажырамас бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігін береді. Әрдайым қай жерде жүрсе де, өзінің мемлекеттің қорғауында екенін сезінеді. Қазақстан төлқұжаты біздің бірлігіміз бен келісімімізді негізге алатын озық құндылықтарды қамтиды. Көк байрағымыз да қасиетті Тәуелсіздігімізді, сан ғасырлық мемлекеттігімізді айқын бейнелейді. Ірі халықаралық спорттық жарыстарда және басқа да іс-шараларда туымыз көтерілген сайын әрқашан елге деген мақтаныш сезімі кернейді", – деді президент.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы: Шетелде даңқты отандастарымызды шыққан тегіне қарамастан үнемі қазақтар деп атайды