Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляция деңгейін бақылауға алуды тапсырды.
"Ұлттық банк инфляция дәлізін 2022 жылы 4-6 пайыз деңгейінде, 2025 жылы 3-4 пайыз деңгейінде ұстап тұру үшін тәуелсіз ақша-несие саясатын, ақылған қонымды саясат ұстану керек", – деді Президент.
Оның айтуынша, нақты экономиканы кредиттеу туралы да ұмытуға болмайды. 2018 жылдан бері банк секторын орнықты дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Проблемалы кредиттердің шығынын жабу үшін банктерге 700 млрд теңге бөлінген.
"Алайда банктер тарапынан кредит қолжетімділігі және көлемі бойынша қарымта қадам байқалып отырған жоқ. Бұл ескі мәселе, оны үнемі айтып жүрміз. Өтімділігі жоғары профициттер өсіп жатыр. Бұл проблеманы білеміз. Ол банктердің атын да білеміз. Бүгінде аталмыш профицит 12 трлн теңгедей болған. Бұл қаражат экономикаға, оның ішінде бизнестің ақылға қонымды жолмен дамуына, ипотекалық нарыққа жұмыс істеуі керек. Реттеу тетігін құру керек. Сол арқылы банктер банктердің тиімді жобаларды қаржыландыруға ниетті болуы керек. Бұл – Ұлттық банктің жаңа басшылығы мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің міндеті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев "Қазақстан халқына" қоры туралы: Бұл мәжбүрлеу емес
- Сәтқалиев: Оңтүстіктегі энергия дефицитін шешудің ең тиімді жолы – АЭС салу
- Газ бағасы 2024 жылға дейін қымбаттамайды