Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтар съезінде білім беру жүйесін мүлде жаңа деңгейге шығару үшін ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
"Ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету – Цифрлық даму министрлігіне де, облыс әкімдеріне де жүктелетін жауапкершілік. Алты айдан кейін берілген тапсырманың орындалуын тексеремін",– деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, білім беру жүйесін мүлде жаңа деңгейге шығару үшін ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізу керек.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Бұл қағида білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс.
"Ең алдымен,. 2027 жылға дейін интернет желісі әлі тартылмаған мектептердің бәрін жылдамдығы жоғары интернетке қосу қажет Бұл ретте олардың әрқайсысында жергілікті желі орнатылуы керек", – деді ол.