Қасым-Жомарт Тоқаев "Ассамблеяның қажеті жоқ" дейтіндерге жауап берді. Президент бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясында айтты.
"Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек. Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде "Ассамблеяның қажеті жоқ" деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт", – деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігін нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым.
Оқи отырыңыз: "Ассамблеядан сайланған 5 сенатор басы-қасында жүруі керек". Тоқаев Парламентте депутаттық бірлестік құруды ұсынды
"Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр. Онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі деуге болады, – деді президент.