Тікелей эфир

Президент Amanat партиясы құрамынан шықты

Партияның жаңа төрағасы – Ерлан Қошанов.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Аманат" партиясының төрағалығынан бас тартатынын айтты. 

"Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн, яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл – менің айқын ұстанымым. Мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күштерге тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділдіктің орнауына жол ашады. Партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артады" – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, президент 26 сәуірден бастап "Аманат" партиясынан шығатынын мәлім етті. 

"Бүгіннен бастап "Аманат" партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын", – деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Amanat партиясының төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары