Тікелей эфир

Президент Алматының алмасын әлемге танымал ұлттық брендке айналдыру қажеттігін айтты

Президент Алматы облысының Қазақстанды жеміс-жидекпен қамтамасыз етумен қатар, оны экспорттай алатынына сенімді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомат Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Борт №1.

"Алматының алмасы әлемге танымал ұлттық брендімізге айналуы керек. Бұл өңір алмадан басқа да түрлі жеміс-жидек өсіретін бау-бақшасымен танымал. Оны дұрыстап дамытса, облыс елімізді жеміс-жидекпен қамтамасыз етумен қатар, оны экспорттай алатыны сөзсіз", – деді мемлекет басшысы.

Ол Алматы облысына Алматы қаласының іргелес тұруы да қолайлы фактордың бірі екенін атап өтті. Қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша шаһардың азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл бастама жүзеге асса, облыстың ауыл шаруашылығы тың қарқынмен дамиды дейді президент.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ


 

Серіктестер жаңалықтары