Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті "Жолаушылар тасымалы" АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасарын "Тұлпар-Тальго" пойыздарының басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алу фактілерін анықтады.
Учаске басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған. Барлығы мұндай 27 эпизод анықталды.
"Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді" делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Жолаушылар пайдаланылмаған пойыз билеттерінің ақшасын қалай қайтарады