Тікелей эфир

Петропавлда өрт салдарынан бала қайтыс болды

Өрт пәтерлердің бірінде шыққан.

Бүгін таңертең Петропавлда пәтерлердің бірінде өрт шығып, соның салдарынан бір бала көз жұмды. Бұл тулары Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Сағат 10.00-де өрт сөндірушілерге Жуков, 23 үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері келіп, жиһаздар мен жеке заттар жанып жатқан, қараусыз қалған пәтерде бала бар екенін анықтады.


Оқи отырыңыз: Күн сайын жол апатынан 1 бала қаза тауып, 10-нан астамы жарақат алады – ІІМ.


Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Реанимациялық шаралардан кейін баланың қайтыс болғанын анықтады. Өрт сағат 10.14-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Серіктестер жаңалықтары