Петропавлда мектептің төбесі опырылып түсіп, үш бала зардап шекті

Зардап шеккен оқушылардың жасы 12 және 13 жаста.

Петропавлда мектептің төбесі опырылып түсіп, үш бала зардап шекті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, балалар ауруханаға жатқызылған.

"4 желтоқсанда Петропавлдағы №6 Қожаберген жырау атындағы орта мектепте екі шаршы метр аумақты алып жатқан сыныптың төбесіндегі сылақ сырғып, үш бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Үш бала бақылау үшін облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", – делінген хабарламада.

Зардап шеккен оқушылардың жасы 12 және 13 жаста.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, аталған факті бойынша комиссия құрылады, оның құрамына төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік құрылыс басқармасы, білім, құрылыс басқармалары, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғалар кіреді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары