Петропавл қалалық әкімдігінің қызметкерлері мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезектен тыс пәтер алып, тегін тұрып келген. Тіпті олар пәтерге мұқтаж жандар ретінде баспана кезегінде тұрмаған, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Тексеріс кезінде тоғыз пәтердің мемлекеттік қызметкерлерге заңсыз берілгені анықталған. Олардың арасында қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы мен бас маманы да болған. Бірақ қала әкімінің орынбасары бәрі заңды дейді. Сөзінше, бұл пәтерлер тұратын жері жоқ мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік пәтер ретінде берілген. Бірақ, жұмысынан кеткен мемлекеттік қызметкерлер пәтерлерді қайтадан үкіметке қайтармаған.
"Мемлекеттік қызмет жұмысынан кеткен кезінде ол пәтер қайта үкіметке қайтарылмаған. Соны олар бір ай бұрын, екі жұма бұрын жұмысынан кетіп, заттарын аламыз деп қалған. Сол уақытта тексеріс болып, заң бұзушылықтар анықталған", – деді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибуллин.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: