Тікелей эфир

Павлодарлық полицейлер жолда жатқан көгершінді клиникаға жеткізді

Қала тұрғыны көгершінді көлік басып кетуі мүмкін екенін айтқан.

Қолына көгершін ұстаған жігіт құсты ветеринарлық клиникаға апару туралы өтінішпен тәртіп сақшыларына жүгінген. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ПМУ тұрағында  құрамында полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторлары Жәнібек Шәкіров пен Әмірхан Сүлейменов болған №638 автопатруль №11 әкімшілік учаскеде патрульде жүрген.

Жігіт жолда көгершін жатқанын, ал өтіп бара жатқан адамдар мен жүргізушілер оған бей-жай қарағанын және оны көлік басып кетуі мүмкін екенін айтқан. 


Оқи отырыңыз: "Адамдар өзінің кім екенін ұмыта бастады". Бейбітшілікке үндейтін жаңа бейнебаян


Полицейлер құсқа бей-жай қарамаған тұрғынның өтінішін жерге қалдырмады.  

«Көгершіндер – таңғажайып құстар. Бейбітшілік пен үйлесімділіктің, тыныштықтың, махаббат пен адалдықтың символы болып саналады. Клиника мамандары құсты емдейді және қайтадан табиғат аясына жібереді деген сенімдіміз», – деді полицейлер.  

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жолда сақ болуға кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары