Тікелей эфир

Павлодарда Ленин кенті ресми түрде Атамекен болып өзгертілді

Бірлескен қаулы заңды күшіне енді.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, «Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 4 бірлескен қаулысы және Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 105/8 шешімімен Ленин кенті Атамекен болып қайта аталды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Ленин кентін қайта атау туралы сұрақ былтырдан бастап көтерілген болатын. Тұрғындар кенттің атауын «Атамекен» деп  ауыстыруды сұраған болатын. Өткен жылы облыстық мәслихаттың VIII кезектен тыс сессиясында бірқатар елді мекендердің атауларын қайта атау мәселесі қарастырылды, оның ішінде Ленин кенті де болды.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында тағы 2 елді мекеннің атауы қазақшаланады


Облыстық мәслихат елді мекендердің атауын бірауыздан қолдады.

Серіктестер жаңалықтары