Павлодардағы Инновациялық Еуразия университетіндегі педагогикалық мамандықта оқитын 500-ден астам студент басқа оқу орнына ауыстырылады. Білім және ғылым министрлігінің жаңа қаулысына сәйкес, олар оқуын педагогикалық университетте жалғастыруы тиіс. Ал мұндай талап педагогикалық мамандықта білім алатын Қазақстандағы өзге студенттерге де қатысты, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
"Павлодар педагогикалық университетімен келісімшарт жасадық. Төлемақы өзгермейді", – деді Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Анастасия Алиясова.
Павлодардағы Инновациялық Еуразия университеті алдағы оқу жылынан бастап инженерлік-экономикалық бағытты таңдаған. Демек, лицензиясыз педагог мамандарын дайындай алмайды. Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес, педагогтарды тек педагогикалық университеттер ғана дайындауы тиіс. Сондықтан, 2021-2025 жылдары елімізде бірқатар университеттің студенттерін ауыстыру жоспарлануда. Қазірдің өзінде жаңа талапқа сай, Қазақстан бойынша 90 мыңға жуық студент басқа оуы орындарына көшірілген.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: