Тікелей эфир

Павлодарда 120 миллион теңгеге "жыннан аластаған" алаяқ 5 жылға сотталды

"Жыннан аластаймын" деген желеумен 120 миллион теңге табысқа кенелген алаяқ қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтеп жатыр.

Павлодарда бизнес жүргізуге кедергі келтіріп тұрған жын-шайтандардан аластау керектігін айтып, сөзіне сендірген алаяқ өз қызметі үшін танысынан 120 миллион теңге алған. Бұл туралы "Казахстанская правда" басылымы жазды.

Абай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, алаяқ тіл табысу, сөзіне сендіру қабілетінің арқасында танысын бизнесі жүріп кетуі үшін өзін және отбасы мүшелерін жын-шайтандардан аластау керектігіне сендірген.

"Алаяқ танысын жын-шайтандардан қорғау үшін үлкен көлемде қаражат алған. Ол ең алдымен Мамон есімді жынды шығаруы керек болған. Мамоннан құтылу үшін танысы оған 500 мың теңге беруі керек болған. Тағы 2 225 000 теңге беріп, жын-шайтандардан қорған қойғызып, өсекшілер мен көре алмаушыларды аластатқызған", – деді Абай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің № 23 мекемесінің арнайы тіркеу бөлімінің басшысы Светлана Голикова.

Кәсіпкер алаяққа сенгені сондай, оның рұқсатынсыз ешқандай шешім қабылдай алмай қалған. Ол алаяққа жынды әр аластаған сайын 8 миллион теңге беріп отырған.

Алаяқ заңсыз әрекеті үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Оқи отырыңыз: Пәтер жалдағанда алаяққа алданып қалмас үшін не білу керек?


 

Серіктестер жаңалықтары