Тікелей эфир

Павлодар облысында қараусыз жүрген мал жол апатына себеп болды

Павлодар облысында жыл басынан бері 2756 мал иесі жауапқа тартылды.

Сағат 01:15 шамасында Ертіс ауданы, Қызылжар ауылының маңындағы Ленинский – Русская Поляна автожолында Audi 80 көлігінің жүргізушісі жолда жүрген жылқыға соқтығысқан. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Учаскелік инспектор жылқы иесін анықтады. Ол Қарақұдық ауылының 60 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы тасжолда, Қараөткел ауылының маңында 13 бас жылқы иесіз жайылып жүрген. Учаскелік инспектор 39 жастағы мал иесін анықтады. Республикалық маңызы бар Ленинский – Курчатов автожолында иесіз жайылып жүрген жылқылар жүргізушіге зиян келтіріп, жол апатына себеп болды. 54 жастағы мал иесі, Майтүбек ауылының тұрғыны жазаланды.

"Әрбір мал иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізу қозғалды. 3-тен 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынды. Сондай-ақ, мал иелері бүлінген мүлік үшін жүргізушілерге материалдық шығын төлеулері керек", – деп жазды Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан балалар саны 24% көбейді


 

Серіктестер жаңалықтары