Тікелей эфир

Павлодар облысында әкімнің ұлы оқушыны ұрған: сот қыздың анасына айыппұл салды

Қыз бала оқушының жолын бөгеп, киімі мен сырт келбетін келемеждеген.

Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы мектепте соққыға жыққан 14 жасар қыздың анасына айыппұл салынды. Бұл туралы облыстағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысында айтылған.

Павлодар қаласының тұрғыны ата-ананың тәрбие жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сотта №8 мектеп-лицейінің оқушысы қоғамдық тәртіпті бұзып, 6-сынып оқушысына тиісіп, арада жанжал шыққаны белгілі болды. Соның салдарынан соңғысы қыз баланы бетінен ұрған. Іс материалдарына сәйкес, оқиға оқушы физика сабағына бара жатқанда жетінші сыныпта оқитын қыз бен оның құрбысымен соқтығысқан кезде болған. Олар оның жолын жауып, сырт келбеті мен киімін келемеждеп, оның өтуіне кедергі келтіріп, қолындағы сусынын тартып алған.

"Мектеп оқушысы өз мектебінің оқушысын қорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл оның кек алу агрессиясына себеп болды. Оқушылар арасында шиеленісті сәттер бұрын да болған: ғылыми жоба бойынша бірге жұмыс істегенде. Бірақ ол кезде бір-біріне қол жұмсамаған", – делінген қаулыда. 


Оқи отырыңыз: Айгерім Құсайынқызы: "Бишімбаев ісінен кейін Қылмыстық кодекске "әйел өлтіру" деген бап енгізілуі қажет


Сот барлық мән-жайды қарастырып, қызды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, анасына бала тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін 51 688 теңге айыппұл салды.

Бұған дейін желіде бұл іске қатысқан алтыншы сынып оқушысы Павлодар облысындағы аудан әкімінің ұлы екені туралы ақпарат пайда болған еді. Бұл мәліметті білім министрлігі де растады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары