Тікелей эфир

Павлодар-Ақсу бағытына қосымша екі автобус шығады

Автобустар желдеткіштермен жабдтықталған.

Облыстық автобус паркі Павлодар-Ақсу бағыты бойынша Қазақстанда шығарылған, 18 орынды,  желдеткіш пен қауіпсіздік белбеулермен жабдықталған екі жаңа «Foton Toano Bus» маркалы автобуспен қосымша толықты. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, басқа бағыттар бойынша жылжымалы құрамды жаңарту тәжірибесі жалғасады.

Айта кетейік, аймақ басшысы Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар облысішілік бағыттарды субсидиялау басталды.


Оқи отырыңыз: Астанада №15 және 15А бағытындағы автобустар саны артады


Бұл өз кезегінде жылжымалы құрамды 10 жаңа жайлы автобуспен жаңартуға және жолаушыларға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

 

Серіктестер жаңалықтары