Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар президентті бір мерзімге сайлау жүйесін қолдап, дауыс берді.
Заң жобасын Әділет министрі Қанат Мусин таныстырды. Министр заң жобасы мемлекет басшысының саяси бастамаларына, сондай-ақ депутаттар тобының ұсынысына негізделгенін атап өтті. Заң жобасы бес бапқа өзгерістер енгізуді және бір баппен толықтыруды көздейді.
"Ұсынылған конституциялық новелла биліктің монополиялану тәуекелдерін едәуір төмендетеді және билікті қалыптастыру мен жұмыс істеуінде өркениетті қағидаттарын белгілеп, саяси тұрақтылықты қоғамдық құрылыстық Қазақстандық моделін орнықтылығын нығайтады. Депутаттар ұсынғандай, президент президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу, осы заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге президент сайланған адамдарға қолданылатын болады", – деді министр.
Парламент депутаттары президентті бір мерзімге сайлайтын жүйені екі оқылымда жақтап дауыс берді.