Тікелей эфир

Парламент кибербуллинг туралы заңды қабылдады

Заң президенттің қол қоюына жіберілді.

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Cенат енгізген өзгерістерді мақұлдады.

Сенат енгізген түзетулер балаға зиян келтіретін Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салынған немесе шектелген ақпаратты орналастыруға жол берген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстармен өзара іс-қимыл тетігін өзгертуді көздейді.

Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтініштер осы үшін арнайы құрылған сараптама тобында қаралады. Бұрын жоба осы мәселелерді шешуді уәкілетті органның жеке-дара құзыретіне жатқызған болатын. Сонымен қатар, сенаторлар заң жобасынан уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстарға, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге қолжетімділікті шектеуге не жұмысын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін кең өкілеттіктерді алып тастады.


Оқи отырыңыз: Кибербуллингке ұшырағандардың үштен бірі қудалаушымен жеке таныс болған 


"Бұл түзетулер мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді", – деп қорытындылады әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрманбетова.

Серіктестер жаңалықтары