
Париж Олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінген жүзден астам спортшы медальдарын қайтарып берді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Өйткені, сапасыз метальдың өңі кетіп қалған. Атлеттердің шағымы артқан соң осы жұмысқа жауапты үш қызметкер жұмысынан босатылған екен. Бұл туралы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті мәлімдеді.
Төртжылдықтың басты додасынан жүлдемен қайтқан әлемнің түкпір-түкпіріндегі спортшылар түрі мен түсі өзгеріп жатқан медальдарды желідегі парақшаларына жаппай сала бастаған.
Тіпті, олар жарыс аяқталмай осындай жағдай болғанын айтып отыр. Дені қола медальдар. Отандық спортшылардың кейбірі де бұл жайтты жоққа шығармайды. Дегенмен кері өткізу туралы өтініш жасамаған екен.
Ал жауаптылар метальға арнайы сұйықтық құйылмаған деп отыр. Комитет өкілдері жүлделерді қалпына келтіріп, қайта берілетінін жеткізді.