Тікелей эфир

Париж Олимпиадасы: екі қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды

Абылайхан Жұбаназар келесі айналымға өте алмады

Париж Олимпиадасы: екі қазақстандық дзюдошы жарыс жолынан шығып қалды

Дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Ерлер арасында 81 келіде сынға түскен ол бірінші кезеңде венгриялық Атилла Унгвариге есе жіберді. Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, қарсылас маңызды ұпайды алып кетті. Осылайша, Абылайхан Жұбаназар келесі айналымға өте алмады.

Сонымен қатар қазақстандық дзюдошы Эсмигул Куюлова да Париж Олимпиадасының бірінші кезеңінде жеңіліп қалды. 63 келіде сынға түскен Куюлова бірінші белдесуде австриялық қарсыласы Любиана Пловесанаға есе жіберді.

Әзірге қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар.

Айта кетейік, қазірге дейін ел құрамасы қоржынына үш медаль түсті. Дзюдодан Елдос Сметов (60 келі) чемпион атанды. Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) және Александра Ле мен Ислам Сәтбаев ел қоржынына қола жүлде салды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары