
Енді адам папиллома вирусына қарсы вакцина жасөспірім ұлдарға да салынуы мүмкін, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Өйткені, екпе ерлердің жыныс мүшесі мен тік ішегі қатерлі ісігінің алдын алады. Сонымен қатар әйелдерде жиі кездесетін жатыр мойны обырын болдырмауға септігін тигізеді.
"Қыз балаларды адам папилломавирусына қарсы қамтыған жағдайда біз коллективті иммунитет қалыптастырамыз. Ал ер балаларды адам папилломавирусы тудыратын онкологиялық аурулардан сақтай аламыз. Басқа елдердің тәжірибиесіне сәйкес, адам папилломавирусына қарсы вакциналау 138 елде енгізілсе, оның ішінде 40-тан астамы ер балаларды егумен қамтиды. Келешекте бізде елімізде ер балаларда қарастырылады, жоспарда бар", – деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Мадина Орысбаева.
Мамандардың айтуынша, оқушы ұлдарға салынатын екпе бірқатар елде бар.
Тіпті, көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан дәл осы жүйені енгізген. Алайда, қазақстандық ата-аналардың бұл мәселеге келгенде пікірі екіге бөлінді.