Тікелей эфир

"Пайызсыз несие": Қаржы агенттігі Telegram алаяқтарынан абай болуға шақырды

Алаяқтар, сондай-ақ, кредиттің бір ай төлемін жауып беруге уәде етеді.

Fingramota.kz сайтының хабарлауынша, соңғы уақытта Telegram арнасы арқылы пайызсыз несие ұсынатын алаяқтар қатары көбейген.

"Олар өз арналарын белсенді түрде жүргізіп, "Біздің компания бүгінде ақшаға мұқтаж адамдардың бәріне көмек көрсетуге дайын", "Сіз ресми түрде жұмыс істемейтін болсаңыз да, сізге кредиттің берілетіне кепілдік береміз", "Кредит ресімдеген адамдардың барлығына ай сайынғы 1 төлемін жауып береміз" тәрізді жарнамалық жазбаларды күн сайын жариялайды" дейді Fingramota.

Сайттың жазуынша,несиені тек Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар кредиттік ұйымдар бере алады.


Оқи отырыңыз: "Үш адамға кредит әперіп, үшеуін де өзім төледім". Қазақтар неге жақындарына несие алып беруге бейім?


Fingramota-ның түсіндіруінше, алаяқтар өз "жұмысын" келесі жолмен жүргізеді:

  1. Алаяқтар адамды "барлық жағынан тиімді" кредит алуға көндіргеннен кейін, қаскүнемдер оған өтінімді толтыру қажет сайтқа сілтеме жібереді, сондай-ақ "риза болған клиенттер" мен "нақты адамдардың" пікірлерін-мыс олардың телеграмм-арнасында қарауды ұсынады. Неғұрлым сенімдірек болу үшін алаяқтар өздерінің Telegram парақшасында қарыз алушының жеке куәлігін көрсете отырып, қарызды ресімдеу процесіне бейнежазба орналастырады.
  2. Содан кейін алаяқтар құрбанына өтінім мақұлданғанын және көлемі 30 мың теңгеден басталатын кредитті ресімдеу үшін комиссия төлеу қажет екенін хабарлайды. Кредитті рәсімдеу рәсімін аяқтау үшін қарыз алушы қосымша тіркеуден өтіп, тағы бірнеше қызмет үшін ақы төлеуі керек: ақшаны автоматты түрде аудару, шотты іске қосу, банк ұяшығын жалға алу.
  3. Алаяқтар оларды анықтау мүмкіндігі болмауы үшін үшінші тұлғаның картасына аударуды сұрайды. Құрбан болған адам барлық төлемдерді жасағаннан кейін, қаскүнемдер "ақша аударуға" уақыт сұрайды. Бірақ алданған қарыз алушымен болашақта өзара әрекеттесу толығымен тоқтатылады.

"Егер сіз осындай алаяқтық схемалардың қатысушысы болсаңыз және қаскүнемдердің әрекетінен зардап шеккен болсаңыз, онда сіз дереу тұрғылықты жеріңіздегі полиция бөлімшесіне және банкке өз шоттарыңыз бен карточкаларыңызды бұғаттау үшін хабарласуыңыз керек" делінген сайт хабарламасында.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары