Тікелей эфир

Өзбекстанда жүргізуші куәлігі не әскери билетпен әуе рейсіне тіркелуге рұқсат берілмек

Қазіргі таңда мұндай құқық беретін құжаттардың тізімі жасалып жатыр.

Өзбекстанда әуе рейсіне тіркелу құқығын беретін құжаттар тізімі кеңейіп, жеке куәліктің қатары көлік жүргізу куәлігі және әскери билет толықтырады, деп хабарлады UzA ақпарат агенттігі.

"Өзбекстанның "Ішкі істер органдары жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру және рәсімдерді оңайлату жөніндегі шаралар туралы" 389 санды қаулысына сәйкес жаңа ұлттық жүргізуші куәлігі азаматтың жеке басын растайтын ресми мемлекеттік құжат мәртебесіне ие", – делінген агенттіктің хабарламасында. 

Uzbekistan Airports хабарламасына сәйкес, әуежайда азаматтың жеке басын куәландыратын құжат ретінде танылатын және жолаушыларға оларды пайдалана отырып, ішкі рейстерге тіркелу құқығын беретін құжаттардың (жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлігі, әскери билет және тағы басқалар) түпкілікті тізбесі әзірленіп жатыр. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында 30 күн тіркеусіз жүре алады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары