Тікелей эфир

Өзбекстанда президент сайлауы өтті деп танылды

Президенттікке 4 кандидат үміткер болып отыр.

Сағат 11.00-дегі жағдай бойынша Өзбекстанда президент сайлауына сайлаушылардың 33 пайыздан астамы қатысқандықтан, сайлау өтті деп танылды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бахром Кучкаров мәлімдеді. 

"Сайлаушылардың 33 пайызы сайлауда дауыс берсе, онда кодекске сәйкес сайлау өтті деп есептеледі. Электронды жүйе мәліметінше, сағат он бірге дейін сайлау учаскелеріне 6 463 874 сайлаушы немесе жалпы тізімнің 33,54 пайызы келген. Яғни сайлау өтті деп айта аламыз", – деді Бахром Кучкаров. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2023 жылғы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қалай өтті? Бір күннің хронологиясы


Президенттікке төрт кандидат, оның ішінде қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев үміткер болып отыр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары