9 қыркүйек күнгі таңғы 05:45-те Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық болжамды бақылау республикалық орталығы хабарлады.
Орталықтың мәліметінше, жерасты дүмпулерінің ошағы Ташкенттің Мирзо-Ұлықбек ауданында болған. Жер сілкінісі Мирзо-Ұлықбек, Мирабад, Шайхантахур, Яшнабад, Алмазар, Яккасарай, Чиланзар аудандарында 2 балл қуаттылықпен сезілген.
Ал осы күні сағат 9.41-де жер сілкінісі Қырғызстанның Баткен облысында тіркелген. Бұл туралы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Министрлікке қарасты Қырғызстан сейсмология институтының мәліметінше, Көк-таш ауылында жер сілкінісінің қуаты 2,5 балл болса, Бұлақ-башы ауылында 2 балл тіркелген. Жерасты дүмпулерінің ошағы Көк-таш ауылынан 10 шақырым жерде болған.
Өзбекстанда да, Қырғызстанда да жер сілкінісі кезінде ешкім жарақат алмаған.
Оқи отырыңыз: Жер сілкінісінің ошағы Алматыға жақындап келеді. 130 жыл бұрынғы жойқын зілзала қайталана ма