Биыл отбасының цифрлық картасы арқылы 12 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаны пилоттық режимде іске асырған сәттен бастап мемлекеттік қолдау шаралары ОЦК арқылы 20 мыңнан астам азаматқа тағайындалды.
"Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін рәсімдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама іске қосылды" – делінген хабарламада.
Мемлекеттік қолдау шараларын алатын кез келген адамға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек.
Айта кетейік, барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша сall-орталыққа хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.