Тікелей эфир

Отбасы банкіндегі тұрғын үй несиесінің шартын қалай өзгертуге болады?

Несиені қайта құрылымдауға бірнеше себеп негіз бола алады.

Отбасы банкінен тұрғын үй құрылысына ипотека рәсімдеген адамдар үй келісілген мерзімде пайдалануға берілмесе, ипотеканы қайта рәсімдей ала ма? Бұл туралы "Ашық диалог" порталының қолданушысы "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимовадан сұрады.

"Өтініш беруші табыстың азаюын немесе жоқтығын, өзінің немесе отбасы мүшесінің жазатайым оқиғаға тап болуы, сырқаттануына байланысты күтпеген шығыстарын, мерзімі өткен берешектің туындауына себеп болған басқа да мән-жайларды құжаттар арқылы растап, банктің қарыз шартының қолданылу мерзімі ішінде қарызды қайта құрылымдай алады", – деп жауап берді басқарма төрайымы.


Оқи отырыңыз: 


Басқа жағдайлар себебінен несие төлемдері кешіктірілсе, әрбір мерзімі өткен күн үшін өсімпұл алынады.

Кірістің азаюына немесе болмауына байланысты несиені қайта құрылымдағысы келетін азаматтар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін банк филиалындағы несиеден кейінгі қызмет көрсету бөліміне жүгіне алады. Өтінішті банк филиалына барып, тікелей беру қажет. Өтінішпен бірге еңбекақы туралы, зейнетақы жарналары туралы анықтама және тағы да басқа кірістің азаюын немесе жоқтығын растайтын құжаттар болуы керек. Өтініш 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады.

Серіктестер жаңалықтары