Тікелей эфир

Отбасы банкі "Ұмай" ипотекасына өтінім қабылдауды тоқтатты

Банк бағдарламаға бөлінген қаражаттың екінші траншы игеріп үлгерген.

Отбасы банкі сәуірден бастап "Ұмай" әйелдерге арналған  ипотелық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтатқанын хабарлады. Бұл бағдарламаға бөлінген қаражаттың екінші траншының аяқталуымен байланысты. Алдағы уақытта 15,6 млрд теңгені құрайтын үшінші транш түседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Отбасы Банк (@otbasy_bank_kz)

Отбасы банкі Азия даму банкімен "Ұмай" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 38 млрд теңгеге мәміле жасаған. Соның осы күнге дейін 22,4 млрд теңге бөлігі (І және ІІ транш) игерілген.

Екінші бөлікте банк жалпы сомасы 5 млрд теңге болатын 400 несие рәсімдеген. Тағы 500 өтініш иесі тұрғын үй таңдау кезеңінде болса, 60-тан астам адам өзінің өтінішінің мақұлдануын күтіп отыр.

Банк болжамынша, 3 транш жазда бөлінеді.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары