Өскемен қаласындағы "Май" АҚ зауытына түрлі маман жетіспейді. Осы орайда жыл сайын зауыт бос жұмыс орнының санын әртүрлі жобаға байланысты 5%-дан бастап ұлғайтып отырады. Ал бұл жобалар біздің "Сбербанк" секілді демеушілеріміздің арқасында жүзеге асып отыр, деп мәлімдеді "Май" АҚ атқарушы директоры Татьяна Костина.
"Дәл қазір зауытта 750 адам жұмыс істейді, сондай-ақ, жыл сайын жұмысшылар саны артып келеді. Технолог, электрші, сварщик, аспаптар мен автоматика бойынша слесарь сынды мамандар жетіспейді. Өйткені, осы секілді мамандықтарды қазір Краснодардағы май факультетінде ғана оқытып жатыр. Мамандар жасына келетін болсақ, олардың жасы – әртүрлі. Мысалы, майды орайтын цехтағы жұмысшылардың орташа жасы – 25. Өйткені, ол жерде тікеден тік тұрып жұмыс істеу қажет болады. Ал май көлемін өлшейтін цехта шамамен 40-45 жастағы тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Осы орайда, жыл сайын зауыттағы бос жұмыс орнының санын өсіріп отырмыз. Мысалы, өткен жылға қарағанда биыл 5% артты", – деді Татьяна Костина.
Келесі жылы зауыт өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтеді. Ол 1922 жылы Заульбинка ауылында жеке май құю базасында құрылған. Кейіннен май зауыты "№1 Май" зауыты деп аталды. 1931 жылдан 1938 жылға дейінгі кезеңде Өскемен қалалық атқару комитетінің шешіміне сәйкес, "Верхней пристани" орнында май өндіру зауыты салынған және ол бүгінгі күнге дейін өз жұмысын жалғастыруда.
Зауыттың өндірістік қуаты жылына шамамен 100 мың тонна май тұқымын құрайды. Бүгінгі күні "Май" АҚ жеке элеватор мен қоймаларын қосқанда өз қуатының толық спектріне ие жалғыз зауыт болып табылады. Өндіріс процесі тек 48 сағатты алады, бұл майдың пайдалы қасиеттерін сақтауға үлкен мүмкіндік. Зауытта Қазақстанда баламасы жоқ Швейцарияның Buhler компаниясынан тұқымды автоматты тазалау және дайындау желісі орнатылған, ол қауыздың 90%-на дейін жоюға мүмкіндік береді.
Жуырда жаңартылған автопарк жергілікті жеткізушілерден тұқымдарды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етеді. Шикізатты басқа өңірлерден жеткізу үшін темір жол пайдаланылады. Айта кету керек, зауыттың жеке темір жол тұйығы да бар.
Зауыттың негізгі сауда белгілері – "№1 Маслозавод", "Забота", "Майское", "Кудесница". Кәсіпорынның ауқымды коммерциялық желісі қазақстандық нарықтың 35%-ын иеленуге мүмкіндік берумен қатар, оны көшбасшылыққа шығарады. Кәсіпорын тәулігіне 150 тоннаға дейін дайын өнім әзірлейді. Зауыт қызметі Шығыс Қазақстан облысы экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр. Бұған балалар хоккей командасына, аз қамтылған азаматтар мен жетім балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмек айқын мысал бола алады. Сонымен қатар, кәсіпорын жыл сайын көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландырады.
Айта кету керек, зауытта шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімнің сынамаларына дейін өндірістің барлық кезеңінде сапаға көп сатылы бақылау жүргізіледі.
Өндірісті кеңейтудегі маңызды қадамдардың бірі – "Сбербанк" АҚ ЕБ тарапынан қаржыландыру. Банктің несие көмегімен кәсіпорын итальяндық SIPA компаниясының жабдықтарын сатып алып, май құю желісінің өндірісін ұлғайтты. Бұл жабдық тәулігіне 1-ден 5 литрге дейін жүз мыңдаған бөтелке шығаруға мүмкіндік береді. Әрбір шөлмек тексеріледі, дайындалған күнімен таңбаланады және қаптамаға жіберіледі.
Сондай-ақ, банктің қаржыландыруымен "Май" АҚ зауытта қалдықсыз өндірісті жолға қоюға мүмкіндік беретін арнайы жабдыққа ие болды. Мысалы, май зауытында соапстокты бөлу желісін орнату бойынша экологиялық жоба іске асырылды. Оны май өнеркәсібіне арналған жабдықты өндірудегі әлемдік көшбасшылардың бірі DeSmet Ballestra (Бельгия) жобалаған және дайындаған. Бұл шешім майды сілтілі бейтараптандыру процесінде алынған қалдықтарды жоюға алып келеді және ШМҚ (шикі май қышқылдары) өндірісін жолға қоюға мүмкіндік берді. Алынған өнім болашақта фармацевтика мен косметологияда қолданылады. Осылайша, зауыт қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді. Бұл кәсіпорынның экологиялық тазалығын арттырады.
Бұдан өзге, банк әрқашан Қазақстанның ірі де ұсақ бизнес өкілдерін қолдауға ерекше назар аударып келеді. Әсіресе соңғы жылдары пандемия салдарынан әлемдік экономиканың қиын жағдайында да көмек көрсетуді тоқтатқан емес.
Банк тарапынан қаржыландырудың арқасында танымал болған көне май өндірушісі өз жабдығын жаңартып, өндірістік қуатын жақсартты және бүгінде Қазақстандағы №1 Май өндірушісі маркасы атына лайық жұмыс жасауда.
"Сбербанк өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөледі. "Май" АҚ-мен біз 2009 жылдан бастап жұмыс істейміз және ынтымақтастық жылдары кәсіпорынға қазақстандық нарықта көшбасшылық позицияны сақтап қалуға мүмкіндік беретін бірнеше инвестициялық жобаларды іске асырдық. Бұл біздің негізгі және сенімді серіктестеріміздің бірі. Бұдан басқа, біздің қызметіміздің басты бағыты-тамақ өнеркәсібі, машина жасау, металлургия, туризм, қызметтер және сауда жобалары. Біздің өңір шекара маңы болып табылады және үлкен экспорттық әлеуетке ие. Біз клиенттермен бірге осы бағытты дамытуда белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда өңірлік филиалда 3000-нан астам заңды және 80 000-нан астам жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі. Филиалда ипотеканы рәсімдеуге, сондай-ақ, халықаралық маңызы бар жобаларға қаржыландыруды алуға болады. ШОБ клиенттері инвестициялық жобаларға, айналым қаражатын толықтыруға, банктік кепілдіктер шығаруға және т. б. несие желілерін рәсімдей алады", – деді "Сбербанк" АҚ ЕБ Өскемен қаласындағы филиалының директоры Ольга Федоренко.
Осы ретте, банктің мемлекетпен өзара іс-қимылдағы белсенді ұстанымын атап өткен жөн. Филиал "Даму" КДҚ АҚ, ҚДБ және "КазахЭкспортГарант" бірге серіктестікте бірқатар бағдарламаны іске асырып отыр. Ағымдағы жылдың өзінде ғана мемлекеттік бағдарламалар бойынша филиал 10 млрд теңгеден астам сомаға жобаларды қаржыландырды.