Өскемендегі Ертіс өзеніндегі көпірдің астында сымдар өртеніп, қала және қала маңындағы тұрғындар интернетсіз қалды.
"Қазақтелеком" оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді. Бұл туралы yk.kz жазды.
"Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің трассасында жоғары вольтты электр желісі қысқа тұйықталып, өрт болды. Соның салдарынан "Қазақтелеком" АҚ кабелі зақымдалды", – деді "Қазақтелеком" мамандары.
Өскемендегі ЖМК ықшам ауданында, Меновное және Ахмер ауылдары, Таврия және Герасимовка ауылдары және Риддер қаласының 16 437 абоненті интернетсіз қалды. "Қазақтелеком" АҚ жедел-құтқару жасақтары зақымданған аумақты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Оқи отырыңыз: Алдағы үш күннің ауа райы: Қазақстанның қай аймақтарында жаңбыр жауады?