
Шон Бейкердің "Анора" фильмі бірден бірнеше беделді марапатқа ие болып, кештің басты жеңімпазы атанды.
2025 жылғы 2 наурызда Лос-Анджелесте 97-ші "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі өтті.
Жеңімпаздар 23 номинация бойынша анықталды.
"Үздік фильм" номинациясында 10 картина ұсынылды – "Анора", "Бруталист", "Боб Дилан: Никому не известный", "Конклав", "Дюна: Екінші бөлім", "Эмилия Перес", "Я все еще здесь", "Мальчишки из Никеля", "Субстанция" и "Злая: Сказка о ведьме Запада".
Рәсімді алғаш рет ирландиялық тегі бар америкалық комик әрі тележүргізуші Конан О’Брайен жүргізді.
2025 жылғы "Оскар" сыйлығының жеңімпаздары:
- Үздік ер адам рөлі – Эдриан Броуди ("Бруталист")
- Үздік екінші пландағы ер адам рөлі – Киран Калкин ("Нағыз ауырсыну")
- Үздік екінші пландағы әйел адам рөлі – Зои Салдана ("Эмилия Перес")
- Үздік анимациялық фильм – "Ағын"
- Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – "Кипарис көлеңкесінде"
- Үздік костюмдер – "Зұлым: Батыстың мыстаны туралы ертегі"
- Үздік түпнұсқа сценарий – "Анора"
- Үздік бейімделген сценарий – "Конклав"
- Үздік грим және шаш үлгісі – "Субстанция"
- Үздік монтаж – "Анора"
- Үздік қоюшы-суретші жұмысы – "Зұлым: Батыстың мыстаны туралы ертегі"
- Үздік ән – El Mal ("Эмилия Перес")
- Үздік қысқаметражды деректі фильм – "Оркестрдегі жалғыз қыз"
- Үздік деректі фильм – "Басқа жер жоқ"
- Үздік дыбыс – "Дюна: Екінші бөлім"
- Үздік визуалды эффектілер – "Дюна: Екінші бөлім"
- Үздік қысқаметражды көркем фильм – "Мен робот емеспін"
- Үздік операторлық жұмыс – "Бруталист"
- Үздік халықаралық фильм – "Мен әлі де осындамын" (Бразилия)
- Үздік саундтрек – "Бруталист".