Тікелей эфир

ОСК төрағасы Қазақстан ЕҚЫҰ-ның кей ұсыныстарын неге қабылдамайтынын түсіндірді

Нұрлан Әбдіровтің сөзінше, ұйымның ұсыныстарында қазақ халқының менталитеті ескеріле бермейді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Egemen Qazaqstan басылымына берген сұхбатында Қазақстан неліктен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссия­ларының ұсыныстарын толық қабылдай бермейтіні туралы айтты. 

Оның сөзінше, ұсыныстардың бір бөлігі Қазақстанның жаңартылған Ата заңы мен заңнамасында ескерілген. Мысалы, Мәжі­лістегі Қазақ­стан халқы Ассамб­лея­сы­ның квотасы жойылып, Мә­жі­лістің бүкіл құрамын ха­лық тікелей сайлайтын болды. Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегі 7-ден 5 па­йыз­­ға дейін төмендетілді және қолдаушылардан жинайтын қажетті қол саны 4 есе – 20 мың­нан 5 мыңға дейін қыс­қар­тыл­ды. Бұл саяси партияларды құру рәсімін едәуір жеңілдетті.

Дегенмен, Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Мис­­сия­ларының кейбір ұсы­ным­дарында Қазақстанның сая­си шындығы, халқымыздың мен­талитеті жете ескеріле бер­­­мейтінін жеткізді. Соған байланысты, мұндай ұсы­­ныстарды ОСК жанындағы Сарап­шы­лар кеңесі мүшелері қолдамайды. 

"Шынын айтсақ, кейбір ұсы­ным­дарды тіпті жаңа буын – жастарымыздың өзі де қа­был­­дамайтынына көзіміз же­тіп отыр. Мәселен, ел өңірле­рін­дегі жастар арасында сауал­нама жүргізгенімізде оған қа­тыс­қандардың 74,6 пайызы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қазақстан прези­дент­тігіне кандидаттар үшін мемлекеттік тілді білуге арналған лингвистикалық ем­ти­хан­ның күшін жою туралы ұсынымын қолдаған жоқ. Сондай-ақ, бұрын сотталған азаматты әкім, депутат, прези­дент сияқты сайланбалы лауа­зымдарға сайлау туралы ұсы­нымға жастардың басым көп­шілігі – үштен екі бөлігі қар­сылық білдірді", – деді ОСК төрағасы. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жемқорлардың жария реестрі жасалмақ


 

Серіктестер жаңалықтары