Тікелей эфир

Орыстілді балабақшаларда қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы әзірленеді

Тіл арқылы балалар қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне бойлауы тиіс.

Балаларды орыс және өзге тілдерде оқытатын балабақшалар мен өзге де мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілінің тереңдетілген бағдарламалары енгізіледі. Бұл туралы Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жаңа жобасында жазылған. 

Оған сәйкес, балабақшадағы әрбір жас тобындағы балалар әр күн сайын өзінің қазақ тілі сөздігін байытып отыруы тиіс. 

"Бұл балалардың ерте жастан қазақ тіліндегі сөздер мен тұтас сөз тіркестерін сөйлегенде қолдануына мүмкіндік береді. Балалар қазақша тек түсініп қана қоймай, оның әуезділігіне де үйренуі тиіс. Тілмен бірге балалар қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін де меңгереді. Осылайша, бағдарлама кішкентай азаматтарымыздың қазақстандық бірегейлігін қалыптастырады", – делінген тұжырымдама жобасында. 

Еске салайық, дәл осы тұжырымдама жобасында Қазақстанда Google, Amazon үлгісі бойынша корпоративтік балабақшалар ашу жөнінде бастама көтерілген. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда Google, Amazon үлгісі бойынша корпоративтік балабақшалар ашылмақ. Оның ерекшелігі неде


 

Серіктестер жаңалықтары