Тікелей эфир

Оқушының цифрлық профилінде қандай мәліметтер сақталады?

Сонымен қатар әр педагогтің цифрлық портфолиосы енгізіледі.

Аттестат пен диплом QR-кодпен цифрлық форматта беріледі, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында жасаған баяндамасында. 

"Мектептердегі оқулықтарды таңдау мен мониторингтер цифрлық форматқа көшіріледі. Атестат пен диплом QR-кодпен цифрлық форматта беріледі. Әр оқушының да цифрлық профилі енгізіледі. Онда оқушының балабақшадан бастап, мектеп әлде колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуеметтік жетістіктері, бағалары және құзыреттіктер картасы, бір сөзбен айтқанда барлық цифрлық ізі сақталып, қалыптастырылады", – деді министр.

Сонымен қатар әр педагогтің цифрлық портфолиосы енгізіледі. Сәйкесінше, оның аттестациясы, жұмысқа қабылдау рәсімі, конкурстарға қатысуы, жетістіктері және барлық ақпараттары сол дүйеге жүктеліп, электронды форматқа өтеді. 


Оқи отырыңыз: Оқу-ағарту министрі: Біліктілік арттыру курсының үш жыл сайын өткізілуі аттестация мерзіміне әсер етпейді


Асхат Аймағамбетов ең қажетті қызметтер толығымен eGov пен банктердің мобильді қосымшасында қолжетімді болатынын да атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары