Қазақстанда оқушыларға арналған "Буктрейлер" республикалық байқауы басталды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Байқау халықаралық балалар кітабы күніне арналған. Оған жалпы орта білім беру ұйымдары оқушылары қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін оқушылар Instagram желісіндегі жеке парақшасында сүйікті кітаптары туралы бейнеролик жариялауы керек. Сонымен қатар @orken_instituty аккаунтын белгілеп, #читаемвместесөркен#өркеноткрытаякнига хэштегін пайдалауы қажет.
Оқи отырыңыз: Оқушылардың сабақта телефон ұстауы оқу-ағарту министрінің бұйрығымен шектелмек
Айта кетейік, байқауды Оқу-ағарту министрлігіне қарасты адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ұйымдастырып жатыр.